Өңірлер

Алматы облысында мемлекеттік қолдау нәтижесінде 2 көкөніс сақтайтын қойма ашылды

Алматы облысы Қарасай ауданында «БЖК 2020» бағдарламасы аясында ашылған көкөніс қоймасының сыйымдылығы 2 мың тоннаға жуық, деп хабарлады «Даму» қоры.
Алматы23 Маусым , 13:47

Жаңа бағыттағы бұл бизнесті қолға алған «Керуен» ЖШС мұндай шешімге өңірде 83,3776 га жерге созылған бау-бақшада шырын мен тосап дайындауды бастағаннан кейін келген. Сол кезде мол өнімді сақтау орнының қажеттілігі айқын сезілген болатын.

«Керуен» ЖШС Қазақстан экономикасының медицина, өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қонақ үй бизнесі және кейтеринг шараларын ұйымдастыру салаларында қызмет етеді.

Мемлекет біздің жобамызды қолдады. Қазір несие мөлшерлемесінің 10 пайызын субсидиялап отыр. Бұл - компанияның болашақта жүйелі түрде дамуына жасалған үлкен көмек болды,- дейді компания директоры Айгүл Шалабаева.

Нысан жеміс сақтау орны, әкімшілік корпусы және буып-түю ыдыстарын қоятын секілді 3 аймақтан тұрады. Ал жеміс сақтау ғимараты тоңазытқыш камералар, сорттаушы және қабылдаушы болып үш бөлікке бөлінген.

Тоңазытқыштар аумағы 11 камерадан тұрады және оның 4 арнайы температуралық режиммен жабдықталған, ал 7-і жемістер мен көкөністерді дәмдік және сапалық көрсеткіштерін жоғалтпай бір жылға дейін сақтауға мүмкіндік беретін газды ортаны реттегіші бар технологиямен жабдықталған.

Әр камера көлемі 200 тонна.

Жеміс сақтау аймағында тереңдігі 210 м болатын өзінің су ұңғымасы бар, D76 газ құбыры жүргізілген, автономды жылу және қуат көзімен қамтамасыз етілген, барлық инженерлік желілер келешекте өндіріс күшінің ұлғаюын есептеп жүргізілген.

 




Яндекс.Метрика