Парламент

Сенат Н.Нұржановты республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мүшесi ретінде сайлады

Парламент Сенаты Н.Нұржановты республикалық бюджетті орындауды бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымына тағайындады.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 10:46

«Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мүшесi Жансейiт Сәрсенқұловтың өкiлеттiк мерзiмi аяқталды. Сондықтан есеп комитетiнiң бiр мүшесiн тағайындауымыз қажет. Конституцияға сәйкес мен есеп комитетiнiң мүшесi қызметiне Нұрлан Нұржановтың кандидатурасын ұсындым. Нұржановтың кандидатурасы қаржы және бюджет комитетiнiң отырысында алдын ала талқыланды», - дедi Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Депутаттар төраға ұсынған кандидатураны қолдап дауыс бердi.

Нұрлан Нұржанов 1997 жылдан берi мемлекеттiк қызметте. Оңтүстiк Қазақстан облысында әр жылдары қаржы департаментiнiң жетекшi маманы, бас маманы, бөлiм бастығы, экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары қызметiн атқарды. 2013 жылдан қазiргi уақытқа дейiн ОҚО бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы болып еңбек еткен.

Сенат төрағасының ұсынысының қорытындысы бойынша, Парламент Сенатының 81 регламент тармағын басшылыққа ала отырып, Қаржы және бюджет комитеті ҚР Конституциясының 57 бабына сәйкес Н.Нұржановты республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мүшесi ретінде  сайланды.

Анар  Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика