Үкімет

Маңғыстау облысында 180 күнге сұйытылған газ нарығына уақытша баға реттеу енгізіледі – ҰЭМ

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Маңғыстау облысында 180 күнге сұйытылған газ нарығына уақытша баға реттеу енгізеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 12:17

Ұлттық экономика министрлігінің осындай шешіміне газдың тапшылығынан болған және  онымен байланысты  өңірдегі әлеуметтік-экономикалық  жағдайдың  ушығу тәуекелімен байланысты сұйытылған газға уақытша мемлекеттік баға реттеуді  енгізу қажеттілігі туралы  Энергетика министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің  өтініші негіз болды. 

Әкімдіктің ақпараты бойынша облыс сұйытылған отын газын  ірі тұтынушылардың бірі болып табылады.  Бұл ретте үстіміздегі жылғы мамырда газға қажеттілік күрт – 2 есеге  өсті.  Бүгінгі күні облыста автокөліктің шамамен 179 мың бірлігі  тіркелген, олардың негізгі үлесі  - 64%  немесе 115 мың бірлігі сұйытылған газды пайдаланады.

Автогаз құю станцияларының  (АГҚС) саны 202, ал сұйытылған газды өткізетін дара кәсіпкерлер  -170 құрайды.

«ҚазҚӨЗ» ЖШС облыстағы сұйытылған газды жалғыз өндіруші болып табылады. Газ тапшылығының туындауы алдымен  отынға өскен қажеттілікпен байланысты. Сонымен, егер бұрын ішкі (жергілікті) нарық  айына 6,5 мың тонна тұтынса, онда үстіміздегі жылғы мамырда  газға қажеттілік 12 мың тоннаға дейін отынға  өсті, бұл «ҚазҚӨЗ» ЖШС барлық   өндіргенінен 90 %.

Бұдан басқа қазіргі кезде ішкі нарық үшін «ҚазҚӨЗ» ЖШС ҚР Энергетика министрлігі  бекіткен бағамен  газды  1 тоннасы 28 000 теңге  өндірістік өзіндік құны кезінде  (1 литрі 15 теңге) 1 тоннасы 11 033,91 теңге (1 литрі 6,1 теңге) (ҚҚС-сыз)  мөлшерінде өткізеді, бұл кәсіпорын үшін залал болып табылады. 

Осылайша жалғыз өндірушінің  залалсыз қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімсіз делдалдарды және алып сатарлық «топтарды»  жою арқылы  сұйытылған газды көтрме және бөлшек саудада өткізу  нарықтарындағы жағдайды тұрақтандыру  мақсатында  ҚР Ұлттық экономика министрлігі                                   ҚР Кәсіпкерлік кодексінің  119-бабының және Жекелеген тауар нарықтарында және (немесе) нарықтың жекелеген субъектілерінің тауарларына, жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу қағидаларының  негізінде  (ҚР Ұлттық экономика министрінің  16.06.2016ж. № 262 бұйрығымен бекітілген)  180 күнге  уақытша мемлекеттік баға реттеуді:

«ҚазҚӨЗ» ЖШС  үшін – ішкі нарықта сұйытылған мұнай  газын көтерме саудада өткізуге (ТМРБҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті шекті бағаны белгілеу  туралы шешім  қабылдаған күннен бастап);

Маңғыстау облысының АГҚС және (немесе)  автокөлікке жанармай құю  станцияларында  автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге   енгізеді («Сұйытылған мұнай газын өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізу туралы» бұйрық қолданысқа енгізілген күнінен бастап  күнтізбелік екі күн өткен соң (20.06.2016 ж. № 272, «Әділет» базасында 22.06.2016 ж. жарияланған).

Автогаз құю және (немесе) автожанармай құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті баға:

Бейнеу ауданында – 1 литрге 45 теңге (бұдан әрі – ҚҚС);

өзге аудандарда, Ақтау және Жаңаөзен қалаларында –  1 литрге 35 теңге (ҚҚС - мен) құрайтын болады.

«ҚазҚӨЗ» ЖШС  ішкі нарықта  сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуге  шекті баға тоннасына  28 000 теңге (ҚҚС-сыз) құрайтын болады.

Бұл ретте шекті баға – кәсіпкерлерге  сұйытылған газды  кез-келген, бірақ белгіленген  шектерден  жоғары емес  бағамен  сатуға мүмкіндік береді.  

Маңғыстау облысында  сұйытылған газға уақытша мемлекеттік баға реттеу  2016 жылғы  24 маусымнан бастап енгізіледі.

Тұтастай алғанда ашық тариф белгілеуді  пайдалануға  шаралардың бағыттылығы  газға объективті бағаны айқындауға  мүмкіндік береді.

 

 




Яндекс.Метрика