Өңірлер

Бәйдібекте 150 орындық мектептің құрылысы басталды

Бәйдібек ауданы Кеңес ауылында аудан әкімі Б.Көшербай 150 орындық Ө.Жолдасбеков атындағы мектеп құрылысының қазығын қақты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Южно-Казахстанская область23 Маусым , 11:42

Аудан басшысы мен мердігер мекеме «Saulet Group» ЖШС директоры А.Аханов мектеп құрылысының басында кездесіп, жобалық сметалық құжаттарды талқылады. Білім ошағына аудандық бюджеттен 323 567,2 мың теңге қаржы бөлінген. Осы жылдың маусым айында басталған құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кететін жағдай, Ө.Жолдасбеков мектебінің ескі жайының іргетасы 1982 жылы қаланған. Бір қабатты ыңғайластырылған білім ошағының дуалдары саманнан салынған болатын. Мектептің қазіргі жағдайы апатты деп танылған. Асхана, спорт зал, зертхана кабинеттері жоқ. Мектепте 32 мұғалім 164 оқушыға тәлім –тәрбие береді.

Қазіргі таңда, Бәйдібекте тағы 7 мектептің құрылысын бастауға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, облыстық құрылыс басқармасына қаржыландыру мәселесін шешу үшін тиісті құжаттар жіберілді.

 




Яндекс.Метрика