Евразиялық одақ

ЕЭК 2016 жылы Вьетнамнан ЕАЭО елдеріне шығарылатын ұзындәнді күріш көлемінің тарифтік квотасын бекітті

ЕЭК алқасының төрағасы Тигран Саркисянның төрағалығымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында сауда және кедендік ынтымақтастық салалары бойынша бірқатар сұрақтар қаралды.
Әлемде23 Маусым , 10:37

Онда Еуразиялық экономикалық комиссия 2016 жылы Вьетнамнан ЕАЭО елдеріне шығарылатын ұзындәнді күріш көлемінің тарифтік квотасын бекітті, деп хабарлады комиссияның баспасөз қызметі.

«Барлық Одақ елдері ратификациялау үдерістерін аяқтағаннан кейін жақын айларда күшіне енетін ЕАЭО пен Вьетнам арасындағы еркін сауда келісімі бойынша, Вьетнамнан ЕАЭО-қа күріштің осындай түрін шығару үшін тарифтік квотаны қарастырады. Яғни, бұл жылына әкелінетін 10 000 тонна тауардың баж салығы нөлдік савка деңгейінде болатынын аңғартады»,-делінген хабарламада.

Комиссия алқасының шешіміне сәйкес 2016 жылы Ресей үшін тарифтік квота көлемі 8 974, Беларусия үшін 1 026 тонна.

Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы 2016 жылы ұзындәнді күрішке тарифтік квота сұраған жоқ. 




Яндекс.Метрика