ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: Павлодар облысында агрохимиялық және пластик өнімдерінің өндірісімен айналысатын зауыт ашылды

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Павлодар арнайы экономикалық аймағында орналасқан агрохимиялық және пластик өнімдерінің өндірісімен айналысатын «АгроХимПрогресс» ЖШС-ің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар23 Маусым , 10:21

Бұл жоба «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде іске қосылды.

Жоба Қазақстан Республикасының нарығын өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге және ол өнімдерді экспорттық бағытта шығаруға бағытталған. 

Жобаға бөлінген инвестициялардың жалпы көлемі 3,2 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорын 118 адамды жұмыспен қамтып отыр. Құрылыс жұмыстары кезінде мұнда 30 адам жұмыс істеді.

Аймақ басшысы кәсіпорын жыл сайын 11 мың тонна өнім шығарады деп атап өтті.  

«Бүгін біз елімізде теңдесі жоқ кәсіпорын ашылып отыр. Жобаның инновациялығы Қазақстанда баламасы жоқ құралдарды қолдануында», - деді әкім.

«АгроХимПрогресс» ЖШС-де 4 цех жұмыс істейді:

Бірінші цехте 2-этилгексил эфирінен формуляция әдісі арқылы «Эскадрон, КЭ»  дайын өнімі жасап шығарылады. Бұл эмульсия концентраты дәнді дақылдар мен жүгеріні бір жылдық және көп жылдық арам шөптерден қорғайды.   

Екінші цех кәсіпорында шығарылатын агрохимиялық өнімдерді құюға қажетті сыйымдылығы 20 литрді құрайтын пластикалық канистрларды жасап шығарады.

Үшінші цехте су-диспергиялық гранулар түріндегі өсімдіктерді қорғау құралдары өндіріледі.

Төртінші цехте компания сұйық препараттарды жасап шығарады.

«АгроХимПрогресс» ЖШС-і өнімдерінің негізгі тұтынушалары агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері.

Өсімдіктерді қорғау құралдарының өзімізде шығарылуы дайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын төмендетуге және сол арқылы отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, шаруа қожалықтарының оларды сатып алуына жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде агроөнеркәсіп өнімдері өзіндік бағасының төмендеуіне себеп болады.  

Алдағы уақытта кәсіпорын өзінің өнімдерін Еуразия экономикалық одағына кіретін елдерге шығаруды жоспарлап отыр.

Кәсіпорынның бірінші кезеңі толық жұмыс істеп тұр. 2018 жылы «АгроХимПрогресс» ЖШС-і жоспар бойынша көк қасқа шегірткелерге қарсы биопрепараттар шығаруды және глифосфат өндірісі цехын ашуды жоспарлап отыр.




Яндекс.Метрика