Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Ақмола облысының Сарыоба станциясында 200 метрлік телім шпалы жаңаланады - ҚТЖ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Астана ірілендірілген жол дистанциясының Сарыоба станциясындағы үш мың метр темір жолдың шпалы жаңғыртылды. Тағыда 200 метрлік телім шпалы жаңаланады, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Ақмола23 Маусым , 09:48

Жолды жаңарту жұмыстары жазғы қалпына келтіру кестесіне сай жүргізілуде. Осындай әдіспен Қырқыншы-Ерейментау жол телімінде де темір-бетон шпалдары ауыстырылады. Жөндеу жұмыстары 36 сағатта аяқталады. Шпал ауыстыру жұмыстары СМД-80 жол техникасын пайдалану арқылы жүргізілуде.

Ақмола магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жанат Әлжановтың айтуынша, жол техникасы рельсті ажыратып жатпай-ақ, шпалды кестеде белгіленген уақытта төсеуге мүмкіндік береді.

Технологиялық «терезе» кезінде бұл жолдармен пойыздардың қозғалысы тоқталмайды.  Жүк және жолаушылар пойыздары белгіленген кестеден еш ауытқымай, межелеген жеріне уақытында жетеді. 

 




Яндекс.Метрика