Өңірлер

Ақтөбеде 4700-ден астам мемлекеттік қызметкер еңбек етеді (ФОТО)

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай салтанатты шара өтті. ҚР Президентінің 2013 жылдың 23 маусымындағы жарлығына сәйкес, Қазақстанда Мемлекеттік қызметкер күні бекітілді. Кәсіби мерекені БҰҰ-ға мүше барлық елдердің мемлекеттік қызметкерлері атап өтеді, деп хабарлады “Ақтөбе ақпарат” орталығы.
Ақтөбе 23 Маусым, 09:32

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметте 4700-ден астам адам қызмет етеді, олардың 57%-ы әйел адамдар, 29,6 %-ы 30 жасқа дейінгі жас азаматтар.  

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мереке иелерін құттықтап, мемлекеттік қызметтің экономиканың өсімі мен қоғамды демократияландыру бағытын жалғайтын маңызды факторы екенін атап өтті.

“Өтпелі кезеңдегі қиындықтарды артқа тастаған қазіргі Қазақстан әлемдің қауымдастыққа интеграциялану, мемлекеттік бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа мақсаттар қойып отыр. "Ұлт жоспары - 100 нақты қадам" мемлекеттік қызметті жаңа деңгейге шығарады. Жоспардың 15 қадамы мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған”, - деді өңір басшысы.

Кәсіби мерекелері қарсаңында 10 мемлекеттік қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Тағы 36 мемлекеттік қызметкер жоғары жетістіктері үшін Ақтөбе облысының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің алғыс хаттарына ие болды. Бірқатар мемлекеттік қызметкер Ақтөбе облыстық мемлекеттік, банктік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподақ филиалының құрмет грамоталарымен марапатталды.

“Мемлекет күші - мемлекеттік жобалар мен жобалардың табыстылығы көп жағдайда мемлекеттікк қызметкерлердің жұмысының тиімділігіне байланысты. Халық сіздерден жоғары кәсібилілік, ұнамдылық пен патриотизм, заңдылықты сақтауды күтеді. Әлеуметтік және экономикалық өзгерістер сіздің жұмыстарыңызға байланысты. Тек сол кезде ғана мемлекет табысты болады, сол кезде ұйымдасқан, құқықтық және нәтижелі басқару күтуге болады. Мемлекеттік қызметтегі адал еңбектеріңізге алғысымды блдіремін”, - деген Бердібек Сапарбаев шараға қатысушыларға және олардың отбасыларныа зор денсаулық пен табыс тіледі.

 





Яндекс.Метрика