Адами капитал

ҚР МСМ «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ТІлдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын ұйымдастырған болатын.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 19:31

Байқауға жалпы саны 200 жұмыс келіп түскен. Мемлекеттік тілдің қызметтік ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту және оның ахуалы туралы өзекті материалдар жариялаған тілшілер қатысты.

Байқаудың ережесіне сәйкес келіп түскен материалдар «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы», «Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша төрт бағытта бағаланған.

«Үздік мақала» номинация бойынша бас жүлде «Айқын» газетінің тілшісі Сейсен Әмірбекұлына бұйырды. «Үздік сайт мақаласы» бойынша әріптесіміз «Қазконтент» АҚ «e-history kz» жобасының тілшісі Алтынбек Құмырзақ еншіледі. «Үздік телеарна бағдарламасы» боцвнша Әмірболат Құсайынұлы жеңімпаз атанды. «Үздік радио бағдарламасы» бойынша «Қазақ радиосының» қызметкері Ақтоты Жұмабек жеңіске жетті.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика