Халықаралық интеграция

Қазақстанның тұзы мен құрылыс қоспалары Латвия нарығына жеткізілетін болады

Ригада «KAZNEX INVEST» инвестиция және экспорт жөніндегі Ұлттық агенттік пен ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ұйымдастыруымен Рижск Думасының қалалық даму Комитетімен бірлескен қазақстандық тауар өндірушілердің сауда миссиясы өтті. Бұл Балтық елдеріне алғашқы қазақстандық өнеркәсіп әлеуетін таныстырған іс-шара.
Әлемде23 Маусым , 08:42

Ұлттық агенттіктен хабарлағандай, 12 электровоз шығаратын кәсіпорын, арматура, құрғақ құрылыс қоспалары, фанера, кабельді-сым өнімдері, дәрілік заттар мен медицинаға арналған бұйымдар, минералды тыңайтқыштар, ас тұзы сияқты 100-ден астам сатылып алынатын немесе Латвияның дистрибьюторлық компанияларымен тауарларды аталмыш елге жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілді.

Сонымен қатар, Латвия Республикасының жер ісі және денсаулық министрліктерінде қазақстандық өнімдерді тіркеу мен сертификаттау мәселелері жөнінде кездесулер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ALSTOM компаниясының технологиясы бойынша құралатын қазақстандық жолаушыларды тасымалдайтын және жүк магистральді  электровоздары таныстырылды.

«Біз үшін аталмыш іс-шараға қатысу – бұл Еуропаға экспортқа шығу мүмкіндіктерінің әлеуетін білдіреді. Біздің компания РФ-ң нарығына сәтті экспорт жасап жатыр. Қазіргі уақытта Латвия нарығына шығу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Жылына 3,2 млн. еуро соманы құрайтын 72 вагон ас тұзын жеткізіп тұру келісіміне қол жеткізілді»,-деді тұз өндіретін компанияның коммерциялық директорының орынбасары Евгени Король.

Айта кету керек, Қазақстан Орталық Азиядағы Латвиның ірі сауда серіктесі. 2015 жылы Қазақстан мен Латвияның сыртқы сауда айналымы 161,2 млн. АҚШ долларын құраған. Оның ішінде Қазақстанның Латвияға экспорты 121,1 млн. АҚШ долларын құрайды.




Яндекс.Метрика