Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Ұлт Жоспары сот қызметін жаңа сапалы дәрежеге шығаруға мүмкіндік береді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы төрағасының, Астана қалалық соты судьяларының және Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрайымының қатысуымен «Ұлт Жоспары «100 нақты қадам»» және сот жүйесіндегі реформалар» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 19:48

Ұлт Жоспарында сот жүйесін дамыту үшін енгізілген өзгерістерге ерекше көңіл бөлінген, осыған байланысты астаналық сот корпусы бес реформаны іске асыру бойынша сот жүйесінінің алдына Жоспарында қойылған тапсырмаларды орындауға белсенді түрде шаралар қабылдауда. 100 нақты қадамның 11 бағыты нақты сот іс жүргізуге және сот құрылымын дамытуға қатысты болып отыр.

Судьялар осы бағыттарға байланысты  «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңға өзгертулер енгізілгенін және жаңа Азаматтық процестік кодексі қабылданғанын, ол 5 айдың көлемінде қолданылып келе жатқанын айтты.

Қатысушылар үш буынды сот жүйесін енгізу, кадр саясатына қатысты мәселелерге тоқталды.

ҚР Жаңа азаматтық процестік кодексі татуласу рәсімін кеңінен қолдануды көздейді, осыған байланысты жаңа «Татуласу рәсімдері» атты тарау енгізілді, онда татуласу рәсімдерімен тараптардың келісім бекітулері нақты сипатталған.

Судьялар жұмыстарының барысында өзгертулер қабылдағаннан кейін,  судья лауазымына біліктілік талаптары және үміткерлерге қойылатын талаптардың қатаңдата түскенін атап өтті.

Судьяны тағайындаудың рәсіміне талаптарды арттыра отырып, судьяға үміткерге жас ерекшелігіне шектеулер (25-тен 30-ға дейін) арта түскен  және сот ісін жүргізуге байланысты еңбек өтіліне талаптары қатаңдатылды (2-ден 5-ке дейін) (сот отырысынң хатшылары, прокурорлар және адвокаттар, сот процестеріне қатысытындар).  Қажетті тәжірибелік білім алу мақсатында  босатылған негізде және шәкіртақы төлеуді қамтамасыз ете отырып, үміткерлердің соттарда тағылымдамадан өту мерізімі бір жылға дейін арта түскен.  Сот судьялары Мемлекеттік басқару академиясының құрамынан сот төрелігі институтын Жоғарғы Сотқа берілгені туралы айтты. Мұндай  шаралар судьялар корпусының кәсіби деңгейлерін арттыратынын атап өтуге болады.

Қызмет атқарып отырған судьялар да назардан тыс қалған жоқ, әр 5 жыл сайын судьялардың кәсіби қызметтерін бағалау арқылы талаптар күшейтіле түскен.  Судьяның кәсіби қызметін бағалауынан судьялық өтілі жиырма жылдан асқан судья босатылады. Судья жұмысының нәтижесі сот төрелігін іске асыру көрсеткіштерінің, судья этикасының және еңбек тәртібін сақтау негізінде қаралады. Бағалау судьялардың кәсіби білімдерінің, тәжірибелерінің және жұмыстырының сапа деңгейлерін анықтау және судьялардың сапалы құрамын жақсарту, кәсіби біліктіліктерін өсіруге ынталандыру, сот төрелігін іске асыру кезінде судьялардың жауапкершіліктерін арттыру мақсатында өткізіледі.

2016 жылдың наурызында Астана қаласы сотының судьялары емтиханды сәтті тапсырды, олар осындай жоғары және жауапты лауазымда болуларының негізді екенін растады.

Мемлекет басшысының VI Судьялар съезінде берілген тапсырмаларына, сондай-ақ еліміздің бірқатар бағдарламалық құжаттарына жоғарыда аталып өткен Ұлт Жоспары «100 нақты қадамда» сондай-ақ, еліміздің бірқатар құжаттарымен,  оның ішінде аталған міндеттерге сәйкес сот жүйесінің ашық және әділ болуын қамтамасыз ету жөнінде белсенді жұмыстар атқарылуда, сөзсіз осы бағыттарда негізгі шаралардың бірі сот қызметтерінде қолданылатын техникалық құралдар болып табылады.

Сот жүйесіндегі ең елеулі жетістіктердің бірі ретінде сот отырыстарын аудио-, бейнежазбалар көмегімен сот процестерін жазып отыруын енгізу болып табылады.  

Республика сот залдарының барлығында, түзету құқығынсыз, аудио-, бейнежазбалар жүйесін енгізуі судьялардың айтуынша, сот процесіне қатысушылардың тәртіп сақтауларына біршама ықпал етеді, ашық және қолжетімді болу принциптерін қамтамасыз етеді, процестік байланысты азайтады.  

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында инвестициялық даулар бойынша жекелеген сот ісін жүргізу, Жоғарғы Сотта ірі инвесторлардың қатысуларымен дауларды қарау үшін алқа ұйымдастыру  көзделген.  

Ұлт Жоспарын іске асыру 2016 жылы қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодексте және Кәсіпкерлік кодексте көрініс тапты.

Көрсетілген процестік кодекстің нормаларын қолданысқа енгізуге байланысты, Астана қаласы сотында инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған құрам құрылды.  

«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында  Мемлекет басшысы Н. Назарбаев ұсынған бес инстиуционалдық реформаларды іске асыру үшін, судьялардың есептіліктері арта түсті. Ол үшін ҚР Жоғарғы Соты судьялардың жаңа Этикалық кодексін әзірлеуді ұсынды, оның негізінде азаматтар Жоғарғы Сот жанында арнайы құрылған Судьялар жюриіне судьялар әрекеттері үшін шағым жасай алады.  

Қоғамдағы судьяның кәсіби және моральдық бейнесіне талаптардың арта түскенін ескере отырып, республиканың Судьялар одағы жаңа Этикалық кодексінің жобасын әзірледі, ол ҚР VII Судьялар съезінде талқыланады.  

Брифинг соңында судьялар Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша соттардың жұмыстарын жаңа сапалы деңгейге арттыра түсуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бес инстиуционалдық реформалардың тәжірибелік құндылықтары осында жатыр.  




Яндекс.Метрика