Ұлттың денсаулығы

Н. Нұров: Универсиаданың әрбір нысаны бойынша жұмыстың шамамен 80%-ы орындалды

Алматыда Универсиаданы өткізуде нысандардың дайындығы қауіпті тудырмайды, деп БАҚ өкілдерімен Алматы қаласында 2017 жылы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданың дайындығы мен өткізілуі туралы дирекция басшысы Наиль Нұров мәлім етті.
Алматы қаласы22 Маусым , 19:13

Оның айтуы бойынша, маумыс айында әрбір нысан бойынша 70-80 пайыз жұмыс орындалған, оған 12 мыңдық орны бар Мұз айдыны да кіреді. Жұмыс осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында тапсырылуға жоспарланған.

«Жаңа нысандар, финалды кезеңде тұрған құрылыс олар жай ғана уақытылы салынып бітпейді, олар пайдалануға мерзімінен бұрын беріледі. 3 мыңдық стадион және 12 мыңдық стадион. Өз кезегінде, іске қосылған нысандар жұмыс жасауда, оған қосымша жұмыстар жүргізілуде, жаңдандыру, техникалық қосымша жұмыстар атқарылуда. Бұл жерде ешқандай мәселелер жоқ. «Алатау» шаңғы-биатлон стадионында бірігу жүйесін орнату бойынша техникалық ахаулар бар, алайда бұл мәселелер уақытылы шешілетін болады»,-деді ол.

Оның айтуы бойынша, Атлетикалық аулаға толығымен орнығу жұмыстары жүргізілуде және ол Универсиада тарихында алғаш рет ойында іске қосылатын болады.

Н.Нұровтың хабарлауынша, қазіргі күні 35 мемлекет өзінің қатысатындығын растады

«Жұмыс қызу үстінде. Қатысатын мемлкеттердің саны жыл соңында белгілі болады. Бұл жерде біз FISU жұмысына, біздің ұлттық студенттік спорт одағына сеніп отырмыз. Біздің мақсатымыз Эрзурум Ойындарынан кем болмау, ол жерге 52 елдің спортшылары келген»,-деді ол.

Сонымен қатар, өз сөзінде Қазақстан техникалық және ұйымдастырушылық ретінде 64 елді, 2 мың спортшыларды, 3 мың волонтерлар мен ұлттық делегация өкілдерін қабылдауға дайын, сонымен қатар 30 мың туристер мен түрлі елдердің спорт құмарларын қарсы алуға дайын екендігін айтып өтті.

«Универсиада – бұл спорт тарихындағы ірі оқиға»,-деді ол.

Дирекция басшысы сөз барысында «Универсиада – ол өз мазмұны бар спорттқ өнім. Мен үшін Универсиаданы жастар-студенттік спорт фестивалі ретінде қарау жақынырақ. Студенттік шақ - кез-келген елде қоғамның ең дамыған сегменті».

«Бүгін Универсиада-жастар арасындағы ашық спорттық форум. Біз бұл құралды қолдану мүмкіндігіне ие болдық, жастар арқылы Қазақстан туралы айта аламыз»,-деді ол.

 

 




Яндекс.Метрика