Ұлтаралық бірлік

Т.Ширмер: ҚХА этникалық ерекшелікке тәуелсіз түрде барлық құқық пен еркіндіктің сақталуын қамтамасыз етті (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстан халқы Ассамблеясы этникалық ерекшелікке тәуелсіз түрде барлық құқық пен еркіндіктің сақталуын қамтамасыз етті, деді «Strategy2050.kz» АА берген сұхбатында «Оберег» украиналық қоғамдық бірлестік төрағасы Тамара Ширмер.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 18:37

«Тәуелсіздіктің бірінші күнінен бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдегі бейбітшілік пен келісімнің сақталуына аса назар аударады. Республиканың барлық жетістіктерінде бірегей қоғамдық ұйым – Қазақстан халқы Ассамблеясының  үлесі бар,  ал  мемлекет мәдениетті дамыту үшін барлық жағдайды жасап отыр. Қазақстанда барлық ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін сақтауға  жағдай жасалған. Бүгінде достық, келісім, сенім мен бірлік  әрбір қазақстандық үшін ұранға айналды», - деді Т.Ширмер.

Ол айтып өткендей, бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметінің нәтижесінде жүзеге асты.

«Қоғамдық институт құру идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқының алғашқы форумында ұсынды. 1995 жылы ол тәжірибелік түрде жүзеге асып, ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңестік орган құрылды», - деді Т.Ширмер.

Оның айтуынша, 21 жыл ішінде Ассамблея этникаралық салада мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың маңызды құралына айналды. 

«Өзінің жұмыс істеген уақыты ішінде ол парламенттік институттарды алмастырмады. Сондай-ақ, этникалық топтарды бақылайтын органға да айналмады.  Барлық этностардың қызығушылығын біріктіретін маңызды институтқа айналды», - деді Т.Ширмер.

Ботагөз Айтжанова

Сурет:  Азамат  Әлиев




Яндекс.Метрика