Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Словакия арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері Братиславада талқыланды

Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Словак Республикасы Премьер-министрінің инвестициялар жөніндегі орынбасары Петер Пеллегринимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде22 Маусым , 20:09

Сұхбат барысында тараптар қазақстандық-словакиялық қатынастардың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Аса назарлары екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа серпін беру қажеттілігіне, соның ішінде Қазақстан аумағындағы инфрақұрылым жобаларының дамуына словакиялық инвестицияларды тарту мәселесіне аударылды.

Бұл мәнмәтінде С. Әбдікәрімов бізідің елдің инвестициялық климаты мен өндірістік-экономикалық әлеуеті туралы айтып берді. Ол Словакияның іскерлік қауымдастығын Қазақстанмен белсенді ынтымақтастыққа шақырды.

«Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын талқылап, қазақстандық дипломат еліміздің бағдарламасының басымдылықтарын жеткізді. Бұған қоса, сұхбаттасушы Қазақстанның басқа да сыртқы саяси бастамаларымен, соның ішінде Мемлекет басшысының «Әлем. XХI ғасыр» манифесімен танысты», - делінген хабарламада.

Словакия Вице-премьері Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жолындағы жетістіктерін, сонымен қатар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік ісіне біздің елдің қосып отырған үлесін жоғары бағалады. Екі ел арасындағы достық қатынастардың дамуына қанағаттанып отырғанын білдіріп, словак тарапының Қазақстанмен орнатылған экономикалық байланыстарын әрі қарай кеңейтуге және жаңа тиісті байланыс орнатуға дайын екендігін білдірді.   

 

 




Яндекс.Метрика