Инновациялар

Өскеменнің оқушылары робототехниканы игеруде

Өскемендегі № 25 мектеп бағдарламасын кез-келген оқушы игеріп кете алмайды. Білім ұйымының оқу жоспарына робототехника жаңа пән ретінде енгізілген, деп хабарлайды ШҚО ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан 22 Маусым, 20:27

Бұдан бөлек, оқушылар электротехниканың, мехатрониканың, компьютерлік моделдеудің негізін меңгереді. Жақын уақытта бұл оқушылар ЖОО оқытушыларынан оқып, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатыспақ.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы қаласындағы робототехника оқу зертханасының ашылуында Қазақстан үшін ұлттық балалар робототехника лигасын құрудың маңыздылығын атап өткен болатын. Өскемендегі № 25 мектеп ұстаздары өткен жылы робототехника саласына қатысты жаңа пән енгізу туралы ұсыныспен шыққан болатын.

Оқушылардың алғашқы жобаларын бағдарламалауға мектеп ұстаз-тәлімгерлері көмектескен. Оқу орынының IT-сыныбында дарынды балалар үшін тек робототехниканың негізін ғана емес, сонымен қатар, электротехника, электроника, мехатроника, бағдарламалау, компьютерлік моделдеуде үйретіледі.

«Мектептегі робототехника пәні – бұл мектептің маңызды міндеттерінің бірін шешетін үлкен артықшылық. Яғни, оқушыларды үйретіп, алған білімдерін пайдалану. Робототехникамен жақын танысқан оқушылар тәжірибе жүзінде өздерінің білімдерін пайдалана алады. Математика, физика, құрастыру, еңбек, химия, биология және информатика пәндерінде өте қажет болады. 2014-2015 оқу жылында 6 сынып оқушылары робототехника бойынша республикалық олимпиадада 2 орын алды. Сочи қаласында өткен Халықаралық жарыстарға балалар робототехника бойынша қатысып келді»,-деді білім басқармасының бастығы Айжан Садықова.

Бүгінгі таңда пән өзін-өзі ақтап, алдағы уақытта да қолдау табатынын көріп отырмыз. Жаңа оқу жылында аталмыш мектеп оқушылары оқу курсынан бөлек, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен мектептің «Мектеп-ЖОО» ынтымақтастығы аясында аталмыш жоғарғы оқу орыны оқытушыларынан білім алып, ғылыми жобаларын жүзеге асыруға қатысатын болады. 





Яндекс.Метрика