Парламент

Қ.Тоқаев «Ядролық қарусыз әлем құру» туралы халықаралық конференцияға дайындық бойынша отырыс өткізді

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» туралы халықаралық конференцияға дайындық бойынша Ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысын өткізді.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 14:32

Ағымдағы жылдың 29 тамыз айында Астанада өтетін форум жұмысында халықаралық ұйымдардың басшыларының қатысуы, парламент қоғамының мүшелері, азаматтық қоғамның сарапшылары мен төрағалары қатысуы күтілуде. Шара аясында төрт тақырыптық сессия өткізіледі, сонымен қатар, көрмелік экпозициялар орналастырылады.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев аталмыш форум мазмұнының сапалы толығуына назар аударды, көбінесе,ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлем. 21 ғасыр» Манифесін идеясының іске асыру мәнмәтініне. Сенат спикерінің ойынша, конференцияның нәтижесі жаһандық таратпау мен қарусыздану процесіне ықпал етуі тиіс.

Палатада хабарлағандай, форумға дайындық туралы баяндамасымен сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сөз сөйледі. Жиналыста Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Сенат комитетінің тұрақты төрағалары, сонымен қатар басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сенат спикері іс-шараның дайындық мазмұны және ұйымдастырушылық аспектілеріне қатысты бірқатар тапсырмаларды берді. 




Яндекс.Метрика