Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстандықтар тауарды мобильдік байланыс арқылы сатып алу мүмкіндігіне ие болды (ФОТО)

Ақмола облысы Шортанды ауданының орталығындағы дүкендерде «Сәлем, Mobile!» пилоттық жобасы, сәлемдемелер супермаркеті таныстырылды. «Қазпошта» АҚ ұйымдастырып, қолға алған бұл шаруа Қазақстанда тұңғыш рет қолданысқа еніп отыр.
Нұр-Сұлтан 22 Маусым, 13:42

Аталған шараға ҚР Ақпарат және коммникация министрлігінің вице-министрі Сәкен Сәрсенов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарушы директоры Елена Баxмутова, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, өзге де журналистер мен теxнология саласының мамандары қатысты.

Қолданысқа алғаш еніп отырған бұл теxнологияның артықшылығы – Жол қатынасы мен банк қызметі және интернет жүйесі қолайсыз шалғай аудандар мен елді мекендердегі xалықтың дүкен, супермаркеттерде сауда жасауы мен төлем жұмыстарының ауыртпалығын жеңілдету. Бұл жүйе Африка елдерінде әлдеқашан қолданысқа еніп, өзінің оң нәтижесін берген екен. Аталған терминал орнатылған дүкеннен керегіңізді алу үшін қолыңызда қарапайым телефон ғана болса жетіп жатыр. Сіз зат сатып алатын кез келген дүкенде сол жердегі поштаның және дүкеннің саудаға арналған коды болады. Соны теріп, алатын затыңыздың бағасын sms арқылы жіберіп, өз қажетіңізге жарата аласыз.

Бұл жобаның қазақстандық авторы – «Қазпошта» АҚ қаржы қызметі даму департаментінің директоры Манарбек Әбенов.

 «Бұл Қазпочтаның «SALEM» жүйесіндегі тағы бір жаңалығы. Жаңа «SALEM, MOBILE!» қызметінің ерекше ыңғайлылығы USSD-пәрмендер ұялы байланыс жүйесінде яғни Қазақстанның барлық жерінде және роумингте қолжетімді болуында, бұл әлемнің кез келген нүктесіне, Интернетке қолжетімді бола бермейтін жерлерде де ақша аударымдарын жүргізуге мүмкіндік береді»-деп мәлімдеді IT жөніндегі Бас директор Нарман Мұқышев.

USSD пәрмендерінің көмегімен аударымдарды жүргізудің бірінші және маңызды шарты банктік картаның www.post.kz пошталық және қаржылық қызметтердің ұлттық порталының аккаунтына қосулы болуы, сонымен қатар картада интернет-транзакцияларға рұқсат етілген болуы керек. Барлық шарттарды орындай отырып, *499# теріп, ұсынылған мәзірден қажетті қызметті, яғни оның реттік нөмірін көрсете отырып таңдау қажет:Картадан картаға аударым, Карта тарихынан аударым, Төлем.

«1» санын көрсете отырып, клиент «Картадан картаға аударым» қызметін таңдайды. Ақша аударымдарын жіберушінің картасы қызметтің бірінші амалдарында клиент өзі енгізетін соңғы 4 сан және CVV-код бойынша сәйкестендіріледі. Екінші кезеңде алушы адамның банк картасының нөмірі және ақша қаражатының сомасы көрсетіледі. Деректердің дұрыстығын растау арқылы ақша аударымы тез арада алушының картасына түседі.

«2» санын көрсете отырып, клиент карта тарихынан аударымдар жүргізе алады.

«3»санын көрсете отырып, клиент картамен төлем жасау арқылы төлем терминалдарының көмегімен заңды тұлға қызметтерін (мысалы, магазин) төлей алады. USSD-төлемдерін қабылдау мүмкіндігі үшін заңды тұлға «Қазпочта» АҚ-мен тиісті Келісімге қол қоюы қажет.

«Қазпочта» АҚ – пошталық, қаржылық, логистикалық, брокерлік және агенттік қызметтерін ұсынатын Қазақстан Республикасының пошталық байланыс саласындағы ұлттық операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады. 

 





Яндекс.Метрика