Білім беру

Қазақстанда үш тілде білім беру жүйесіне көшу үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша мұғалімдерді екі бағытта дайындауда (БЕЙНЕ)

Қазақстанда үш тілде білім беру жүйесіне көшу аясында жаратылыстану ғылымдары бойынша мұғалімдерді екі бағытта дайындауда, деп «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының төрағасы Күләш Шамшидинова Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 22 Маусым, 14:48

«Орыс тілінде оқитын оқушылар үшін қазақ әдебитетін қазақ тілінде оқыту туралы эксперимент өткен кезде оған осындай дайындық жұмыстары болған жоқ. Осы жолы еліміз дайындық жұмысына қатаң түрде қарауда: кешенді оқу бағдарламасын әзірледі, жабдықтар дайындалуда, балаларды оқыту үшін түрлі материалдар дайындалуда. Бұл жерде кешенді тәсіл жүргізілуде. Стандарт бағдарламасы бар, оған кітап түрінде оқу құралы бар, жұмыс дәптерлері, хрестоматиялар, аудио-видео материалдар. Үшінші жағынан – бұл еліміз дайындап жатқан мұғалімдер.  Бұл жерде бірінші кезекте пәндер бойынша мұғалімдерді дайындау жұмысы тұр: қазақ тілді, орыс тілді және ағылшын тілді»,-деді К.Шәмшидинова.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша мұғалімдерді оқытуға қатысты айтатын болсақ, басқарма төрағасы олардың болашақта ағылшын тілінде сабақ беруіне орай, Білім және ғылым министрлігімен қазіргі күні екі бағыт қарастырылып жатқандығын айтып өтті.

«Позицияны айтатын болсақ – педагогикалық ЖОО-дан билогоия, химия, физика мамандары бойынша жас мұғалімдердің түлеп шығуы. Екінші жағынан – Министрлік қазір жұмыс жасап жатқан мұғалімдер үшін ағылшын тілінде сабақ берудін жаңа түрлерін дайындап, қарастыру үстінде»,-деді ол.

Айта кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 79 бекетіне сәйкес, ҚР Білім және ғылым министрігімен 2015-2020 жж арналған Үш тілде білім беруді дамытудың Жол картасы дайындалды.

Анар Тәңірқұлова

Видео Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика