Халықаралық интеграция

Қазақстандық делегация Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық нысандарды аралады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері Бразилиядағы олимпиадалық нысандарды аралап көрді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Әлемде22 Маусым , 13:04

ҚР мәдениет және спорт министрлігі спорт істері және денешынықтыру комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов пен еліміздің Олимпиадалық комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасов Рио-де-Жанейрода өтетін ХXXI жазғы Олимпиадала ойындарының нысандарын көріп келді.

«Қазақстандық делегация осы іс-сапары аясында Олимпиада кезінде біздің спортшылар тұратын орынға бас сұқты. Олимпиадалық ауылда 31 ғимарат бой көтерген, 3600-ден астам тұрғын үй-жай бар. Олар бассейн, теннис корттары, музыкалық аспаптар мен бейнеойындар, психолог, косметолог бөлмелерімен жарақтанжырылады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Олимпиада ойындарының алдында отандық атлеттер дайындықтарын пысықтайтын арнайы спорттық базаларға аралады. Ұсынылған нысандарың ішінен қазақстандық палуандардың Бразилияның ауа-райына бейімделу мақсатындағы жаттығу жиынын жүргізетін база таңдалып алынды.

Бразилияға жасалған іс-сапардың қорытындысы бойынша Министрлік пен ҰОК олимпиадалық нысандардың командаларды қарсы алуға дайын екенін айтады. Олардың сөзіне қарағанда, Риода спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Спортшылар үшін басты мақсат Олимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғау.

Айта кетейік, 2016 жылғы ХXXI жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5 мен 21-і аралыңында Рио-де-Жанейрода өтеді. Спортшылар 306 медальдар жиынтығы үшін талас жүргізбек. Қазіргі таңда қазақстандық спортшылар Олимпиадаға 102 жолдама жеңіп алды.




Яндекс.Метрика