Халықаралық интеграция

Қазақтанның Елшісі Жоғары Австрияның федералдық жеріне барып қайтты

Австриядағы Қазақсан Елшісі Қайрат Сарыбай Жоғары Австрияның федералдық жеріне барып қайтты. Аймақ Австрияның өңдеуші өнеркәсіп саласындағы көшбасшысы болып табылады, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде22 Маусым , 12:47

Сапар барысында саяси басшылармен және федералдық жердің іскер топтарымен кездесу өткізілді, сондай-ақ Жоғары Австрияның федералдық жерінің басқарма басшысы Йозеф Пюренгер және Жоғары Австрияның Экономикалық палатасының президенті Рудольф Траунермен кездесті. Сонымен қатар, австриалық  компанияның төрағаларымен де кезедсу ұйымдастырылды.

Австриялық жақ Қазақстанның экономикалық және саяси жағдайымен хабардар болды, сондай-ақ еліміздің дамуының жоспарымен, оған «Қазақстан 2050», «100 нақты қадамды» қоса, Қазақстанның инвестицилық ахуалы, 2015 жылдан 2019 жылға дейінгі индустриализация бағдарламасы аясында Қазақстанмен перспективалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Австриялық өкілдер Қазақстанның халықаралық инвестициясымен танысытырлды, сондай-ақ Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесімен және Прзидент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. 21 ғасыр» Манифесімен.

Сондай-ақ, Тараптар Австриядағы «Қазақстанның көркі – Ұлы дала әуені» атты ҚР Елшілігінің жобасы аясында мәдени ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Ерекше назар аймақ аралық ынтымақтастыққа бөлінді. Аталмыш мәнмәтінде тараптар Жоғары Австрия мен Павлодар облысы арасындағы серіктестік қарым-қатынасты орнату мүмкіндіктерін талқылады.

Австрия жағы ынтымақтастықты позитивті бағалады және одан әрі терең ынтымақтастыққа өз мүдделерін білдірді, көбінесе сауда-экономикалық ара қатынасына. Бүгінгі күні Қазақстанда Жоғары Австрияның көптеген жетекші компанияларының қатары танысытырылған. «Камазинжиниринг» ЖШС Rosenbauer International бірге  айналмалы клапандар өндірісін құрды, ал Plasser & Theurer «ҚТЖ» АҚ-мен теміржол жолды тқсеу бойынша  ынтымақтастық жасайды.

Сапар федералдық жердің саяси және іскер тобымен байланыстарды жасауға көме береді, сондай-ақ экономика және мәдениет саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы пікір алмасу сепкі болады.




Яндекс.Метрика