Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысының 2600 инженер-педагог жұмысшысы біліктілікті арттыру курсынан өтеді

Ақмола облысының 2600 инженер-педагог жұмысшысы мен басшылары техникалық-кәсіби білім беру мекемелерінде біліктіліктерін арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола22 Маусым , 12:31

Еске сала кетейік, 2012-2013 жылдары «Кәсіпкер» Холдингі» ҰАҚ шетелдік SAIT Polytechnic (Канада), Pearson Education (Великобритания), TAFE (Австралия), GIZ (Германия), TVET UK (Великобритания), LD DIDACTIC Group (Германия) және РИПО (Беларусь) серіктестерімен модульді-біліктілік негізінде 45 білім беру бағдарламаларын дайындаған болатын.

Жаңа білім беру бағдарламалары  ҚР БҒМ кәсіби білім және техникалық мәселелер жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік кеңеспен қаралып, келісілген.

Ақмола облысында біліктілігін арттыру курсынан екі 123 инженерлік-педагогикалық жұмысшылар мен 18 басшылық қызметтегі мамандар өтетін болады. 20 маусым күні инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың аталмыш курстан өту кезеңі басталып кетті.

Оқыту аймақтағы үш колледждің базасында өтеді. Олар: Көкшетау қаласындағы Жоғары колледж, Құрылыс-техникалық колледж және Сервистік-техникалық колледж.

Айта кету керек, жаңа білім беру бағдарламасы 1 қыркүйектен бастап оқу үдерісіне енгізілетін болады. Курс аяқталғанда оның тыңдаушыларына сертификаттар тапсырылатын болады. 




Яндекс.Метрика