Парламент

Н.Ниғматулин: Ұлт жоспарының құқықтық базасын жүзеге асыру – біздің ортақ тапсырмамыз

Біздің сіздермен ортақ тапсырмамыз – Бес институционалды реформаның барлық құқықтық базасының жүйелік дайындығын іске асыру мен ұйымдастыру, деп ҚР Мәжіліс Парламентінің төрағасы Нұрлан Ниғматулин жалпы отырыс барысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 11:26

«Мәжіліс Парламентінің төрағасына мені қайтадан сайлағандарыңызға алғысымды білдіруге рұқсат етіңіздер. Мен үшін бұл үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Ең алдымен Мемлекет басшысы алдында, сондай-ақ барлық депутаттық корпус алдында. Біздің сіздермен жасайтын ортақ мақсатымыз Бес институционалды реформаның барлық құқықтық базасының жүйелік дайындығын іске асыру мен ұйымдастыру. Барлық алға қойған тапсырмаларды орындау үшін, мен, Мәжілістің төрағасы ретінде, барлық партия фракциясының ойларын теңгерімді тәсілмен қамтамасыз етіп отырамын және де барлық депутаттық корпусты»,-делі Мәжіліс спикеры.

Н.Ниғматулинның айтуы бойынша, партия аралық диалог президенттік бағдарламаларды заңнамалық қолдауы бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 «Сіздердің маған жасап жатқан қолдауларыңызға алғысым шексіз. Бұл мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік»,-деп қорытындылады сөзін.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика