Парламент

Б. Ізмұхамбетов Мәжіліс төрағасы қызметінен кетті

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов өз еркімен отставкаға кетті. Палата депутаттары Төрағаның отставкасын қабылдады.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 10:23

«Бүгін біздің қатар жаңа депутаттармен толықты. 2016 жылдың 21 маусымындағы ҚР Орталық сайлау комиссиясы қаулысымен «Нұр Отан» париясының мүшесі Нұрлан Ниғматулин ҚР Мәжіліс Парламнтінің депутаты болып тіркелді»,-деді Б. Ізмұхамбетов.

Күн тәртібін қабылдау нәтижесінде ол өзінің отставкаға кететінін айтты.

«Мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы қызметіне тағайындалуыма байланысты Мәжіліс төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге отставкамды қабылдауларыңызды сұраймын», деді Б.Ізмұхамбетов. Сонымен қатар, ол осы уақыт аралығында бірге қызмет еткен әріптестеріне ризашылығын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика