Су ресурстарына арналған жаңа саясат

«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында 60-тан астам сумен қамту нысаны қалпына келтірілді

Чкалов станциясы тұрғындарының үйлеріне жаңа су құбырлары жүргізіліп, көп жылдан бері келе жатқан мәселе өз шешімін тапты. Тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Казахстан22 Маусым , 11:42

Жергілікті инфрақұрылым нысандары 2012 жылдан бері «Қазақстан темір жолы» ҰК» жүзеге асырып келе жатқан «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы негізінде салынды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Теміржолсу» АҚ президенті Қуат Есімхановтың айтуынша, «Мөлдір бұлақ» салалық бағдарламасы 2017 жылы аяқталады. Бұл уақытқа дейін 430 станциядағы 744 сумен қамту және кәріз нысандары қайта жөндеуден өтіп, қалпына келтіріледі.  

«Ағымдағы жылдың соңына дейін 61 сумен қамту нысанын қалпына келтіріліп, жөндеуден өткізу жоспарда бар. Ал келесі жылы 65 нысан күрделі жөндеуден өтіп, құрылыс жұмыстары жүргізіледі»,- деді Қ.Есімов.

Ол сондай-ақ, сумен қамту нысандарының санитарлық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар кешені жүргізілгенін атап өтті. Станцияларда суды зарарсыздандыруға арналған бактерицидті қондырғылар мен заманауи сорғылар орнатылған. 




Яндекс.Метрика