Евразиялық одақ

ЕЭК мен Дүниежүзілік кедендік ұйым арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды

Брюссельде (Бельгия) Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Мұқай Қадырқұлов Дүниежүзілік кедендік ұйымның бас хатшысы Кунио Микуриямен ынтымақтастық форматын талқылады.
Әлемде22 Маусым , 11:09

Кездесу аясында тараптар Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік кедендік ұйым арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қойды, деп хабарлайды ЕЭК.

Осыған байланысты Мұқай Қадырқұлов мен Кунио Микурия өзара іс-қимыл үлгісі мен перспективаларды қарастырды. Сондай-ақ, өзара мүдделерді көздейтін құжаттар мен ашық ақпарат алмасты. Онда: Комиссия екеуі өткізетін іс-шараларға ЕЭК мен Дүниежүзілік кеден ұйымы өкілдерінің қатысуы;  бірлескен кездесулер ұйымдастыру, консультациялар, ғыоыми-практикалық семинарлар мен кедендік әкімшілік мәселелері бойынша конференциялар өткізу.

М.Қадырқұловтың пікірінше, қол қойылған Меморандум ЕЭК мен Дүниежүзілік кедендік ұйым арасындағы қарым-қатынастың жаңа қырларын ашады. Сондай-ақ, өзара іс-қимылдың құқықтық шеңберін және ұйым арасындағы ынтымақтастық перспективаларын айқындайды.




Яндекс.Метрика