Өңірлер

Жамбыл облысында егін орағы басталды

Жамбыл облысында егін орағы басталды. Қазіргі уақытта екі аудан жиын-терім жұмыстарына кірісміп кетті, деп хабарлайды аймақ әкімдігі.
Жамбыл22 Маусым , 10:07

Т.Рысқұлов ауданында «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і 3800 гектар болатын күздік бидай мен 7500 гектар арпаны жинауға кірісті. Шаруашылық масақты дақылдарды жинауға «Джон-Дир» компаниясының 13 жаңа астық жинау комбайнын пайдалануда. Жаңа техниканы серіктестік өткен жылы 496 млн. теңге сомаға сатылып алынған болатын.

«Заманауи астық жинау техникаларын кешенді пайдалану барлыө технологиялық үдерістердің үздіксіз орындалуын қамтамасыз етеді. Комбайндар аса үлкен болмағанмен жұмысты өндіру көрсеткіші жоғары. Техниканың мұндай түрін аңыздағы астықты жинауға қолданады»,-делінген хабарламада.

Т.Рысқұлов ауданының құрылған қожалықтары 31 000 га күзгі бидай мен 47 300 га масақты астық жинауды жоспарлап отыр. Оған 177 комбайн, 80 трактор және 169 жүк машинасы қолданылады.

Сондай-ақ, Қордай ауданының агроқұрылымы 8411 га күзгі бидай мен арпа жинауға кірісіп кеткен алғашқылардың бірі. Аудан шаруашылықтары 42 340 га дәнді дақылдар жинайды, деп жоспарланған. Оған 214 комбайн, 582 трактор тіркемесі, 382 автотранспорт құралдары жұмылдырылады.

Облыс бойынша астық жинау науқанына барлығы 6199 бірлік ауыл шаруашылық техникасы пайдаланылатын болады.  Аймақта шілде-қыркүйек айларына астық жинау үшін 16 000 тонна дизельдік отын бөлінген. Астық қабылдайтын алаңдар мен тазаланған астықты сақтайтын қоймалар да дайын.

Биыл аймақта 246 455 гектар жаздық масақты дақылдар жиналмақ.




Яндекс.Метрика