Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Тұрақты негізде Астана мен Париж арасындағы ұшақ сапарының орындалуы туралы Келісімге қол қойылды

2016 жылдың 21 маусым айында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Француз Республикасы арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды, деп ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде хабарлайды.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 09:51

Бұл «горизонтальды» ережесін қосатын келісім ЕО мүше-елмен қол қойылған екінші келісім. Бірінші пилоттық жобаға – Люксембургпен әуе байланысы туралы Келісімге 2015 жылы мамырда қол қойылды.

Бұған дейін 2014 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Парижде Қазақстан Республикасы мен Францияның өкілетті органдары арасындағы екіжақты келіссөздер барысында азаматтық авиация саласында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Ондағы ережеге сәйкес, тағайындалған әуе тасымалдаушыға елдер арасында тұрақты рейстерді орындауға құқық берілді.

Осы кездесуде тұрақты әуе тасымалы саласындағы ұзақмерзімді ынтымақтастықты қалыптастыруға негізгі база болған  әуе байланысы туралы үкіметаралық Келісімнің алдын ала мәтіні келісілген.

2015 жылғы 29 наурыздан «Эйр Астана» әуекомпаниясы Астана-Париж бағыты бойынша Боинг 757 үлгісіндегі әуе кемесімен аптасына 3 рейс жиілігінде тұрақты әуе рейсін орындайды.

Бүгінгі келісім арқылы Қазақстан өзінің әуе тасымалдаушысының ұшуларының географиясын тұрақты негізде тағы бір елге кеңейтуге мүмкіндік алды. Франция – Еуропаның кіндігінде орналасқандықтан, заманауи дамыған инфрақұрылымға ие және Еуропаның басқа да елдеріне бару үшін әртүрлі көлік түрлерінің жүйесі ыңғайлы түйіскен. Бұл келісім тасымалдаушыларға Қазақстан-Францияның әуе тасымалы нарығын белсенді игеруге мүмкіндік береді.

Келісімді ҚР Инвестициялар және даму министрлігі әзірледі.

Құжатқа ҚР Инвестициялар және даму министрі Ә.Исекешев пен Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен қол қойды.

 




Яндекс.Метрика