Басқару

Н.Назарбаев Астана қаласының активімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының активімен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 20:58

Кездесу алдында қалалық мәслихаттың сессиясы болып өтті. Онда депутаттар Астана қаласының жаңа әкімі Ә.Исекешевтің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

– Бұл қаланы кімнің басқаратынына мен немқұрайлы қарай алмаймын. Ол тәжірибелі, білімді, Қазақстанға танымал, елорданың мүддесін қорғай отырып, үкіметпен жұмыс істей алатын адам болуға тиіс. Мен Әсет Исекешевті сондай адам деп есептеймін. Бүгін мәслихаттың келісімімен тағайындалған жаңа әкімді құттықтаймын, – деді Елбасы.

Қазақстан Президенті сондай-ақ Ә.Жақсыбековті жаңа лауазымға тағайындалуымен құттықтады.

– Бүгін Әділбек Жақсыбеков Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол 1997 жылы елорданың алғаш ауысқан күнінен бастап қала әкімі болып тағайындалып, ең қиын кезеңдерде жұмыс істеді. Барлық тапсырмаларды орындады. Одан кейін бірқатар өзге де лауазымдарды атқарып, осы қызметке қайта оралды. Мен оған жұмысы үшін алғыс айтамын және жаңа лауазымымен құттықтаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.




Яндекс.Метрика