Басқару

Р.Ботабеков: ҰКП –ның кәсіпкерлермен диалогы қазақстандық ШОБ-тың көптеген мәселелерін шешеді (ВИДЕО)

«Атамекен» ҰКП-ның кәсіпкерлермен диалогы Қазақстанның шағын және орта бизнесінің көптеген мәселелерін шешеді, деп «Тұран экспресс жолаушылар компаниясы» ЖШС бас директоры Роман Ботабеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 22 Маусым, 09:34

«Біз Қазақстанның кәсіпкерлері әлемдік дағдарыстан шығудың жолы бар екендігін білеміз және  олар Үкімет алдында кәсіпкерлерге аз болса да «жасыл түсті» беру туралы  «Атамекеннің» қойған мәселелері, яғни менің ойымша «дағдарыс» атты ауыртпалық жазылатын болады»,-деді ол.

Р. Ботабеков сөз барысында «Атамекенмен» кәсіпкерлер арасындағы диалог, консенсунс Қазақстандағы түрлі мәселелердің шешімін табатындығын айтып өтті.

«Мен үш жылдан астап кәсіпкерлер палатасындамын, бірінші жыл үйлесу болды, екінші жылы құрылымдық диалог болды және үшінші жылы түсіністіктің болғанын көрдік. Мен кәсіпкерлікте жүргеніме 30 жыл болды және мемлкеттік марапаттарға ие болдым, алайда ҰКП марапаты мен үшін өте қымбат, өйткені маған оны Үкімет берді. Бұл медаль кәсіпкер арасында үлкен құрметтің белгісі болып табылады»,-деді ол.

Индира Қауметова

Видео Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика