Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ-ның 40-тан астам кәсіпорны компанияны қайта құрылымдау мен жекешелендіруге байланысты қысқаратын болады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ активтерінің нысаналы портфелі қайта құрылымдау мен жекешелендіруден кейін 97-ден 35 кәсіпорынға дейін қысқаратын болады. Бұл туралы Strategy2050.kz. АА «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ хабарламасында айтылған.
Нұр-Сұлтан22 Маусым , 08:59

«Орталықсыздандыру мен жекешелендіру Компания стратегиясын іске асырумен үйлестіру бойынша  Үкіметтің көлемді бастамасы көліктік-логистикалық холдинге бағытталған. Жаңа операциялық және бизнес модель аясында компанияның қызметі келесідей маңызды сегментте тоғыстырылады: инфрақұрылым, жүк және жолаушылар тасымалы. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ активтерінің нысаналы портфелі қайта құрылымдау мен жекешелендіруден кейін 97-ден 35 кәсіпорынға дейін қысқаратын болады»,-деп хабарламада айтылған.

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған кейбір жекешелендіру туралы мәселелері бойынша ҚТЖ деректірлерінің кеңесімен кәсіпорындардың тізімі бекітілді және олардың құрамына компания тобының 48 активі кірді.

Осылайша, көрсетілген активтер бес санат бойынша бөлуге болады: теміржол техникалары мен жабдықтарын өндіруші зауыттар; қаламаңындағы және қалаларалық жолаушылар тасымалының активтері; жүк көлігі және инфрақұрылым сегментіндегі жекелеген активтер; көліктік-логистикалық терминалдық активтер; бейімді емес және көмекші активтер.

Сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие активтерді іске асыру тәуелсіз кеңесшімен жүзеге асырылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның тәуелсіз кеңесшісі ретінде «Эрнст энд Янг- кеңестік қызметтер» ЖШС болып анықталды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика