Өңірлер

ШҚО-ның Зырян ауданында меншікті электр энергиясы өндіріледі

Зырян ауданының коммуналдық проблемаларын шешуге «Теплоцентраль» ММ жобасын жүзеге асыру әсер етеді. Бұл туралы аудан әкімі Айбек Кәрімов ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.
Шығыс Қазақстан21 Маусым , 19:03

«Ауданның болашағы үшін инженерлік инфрақұрылым өте маңызды. Бұл мақсаттарға 1 млрд 200 млн теңге бағытталды. Өткен жылы жылу көздері бойынша Серебрянсктегі проблеманы шешкен болатынбыз. Қазір сол сынды жұмыс Бұқтырмада жүзеге асып жатыр», - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, 2016 жылы Зыряновск қаласының жылу жүйелерін қайта жөндеу қарастырылып отыр.

Сондай-ақ, концессия негізіне тұрба генераторларын орнату қарастырылған.

 

 

 




Яндекс.Метрика