Ұлт жоспары 100 нақты қадам

ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу азаматтарды медициналық көмек алуда теңестіреді

«100 қадам» Ұлт жоспарының 81 қадамын жүзеге асыру аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қарастырылған. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық тұрақтандыруды мемлекет пен азаматтар жауапкершілігі негізіне түйістіру болып табылады. Алғашқы медико-санитарлық көмекті қаржыландыру басты мақсатты көздеп отыр. Ол ұлтты дерттермен күресудің алдын алуға қамтамасыз етеді.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 19:54

Осы орайда, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі республикада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қарастырылып отыр.

2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізу жоспарланған, ол денсаулық сақтау жүйесімен бірге жұмыс істейтін болады, ол тегін медициналық қызмет көрсетумен қамтудың кепілдендіруімен қаржыландырылады. ММС жүйесіне қатысатын азаматтар  медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне  ие болады. Кепілдендірілген медициналық көмек жүйесі бойынша , оның ішінде жедел медициналық көмек, санитарлық авиация, профилактикалық егу жатады.

ММС жүйесінде төрт қатысушы жұмыс істейді. Бұл мемлекет,жұмыс беруші, жұмысшылар мен өзін-өзі қамтығандар. Мемлекет 60% салымды қамтамасыз етеді. Жұмыс берушілер 2017 жылдан бастап жалақыдан пайыздарды төлейді. 2024 жылға дейін жалақыдан алынатын пайыздық көрсеткіш ұлғаятын болады. 2019 жылдан бастап жұмыскерлер  1 пайыздан, өзін-өзі қамтығандар өзінің статусымен анықталып, тіркеліп өздеріне тиесілі салымды салулары керек.

Халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң динамикасына қарамастан, қазақстандықтардың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы ЭЫДҰ-на мүше елдердегіден шамамен 10 жылға аз.  Ерлер мен әйелдердің күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы арасындағы едәуір айырмашылық (2014 жылы – 8,82 жас) сақталып қалып отыр, еңбекке жарамды жастағы еркектердегі өлім-жітім әйелдерге қарағанда 24%-ға жоғары.

Жалпы өлім-жітім құрылымында қанайналым жүйесінің сырқаттары басты себеп болып табылады (22,3%), неғұрлым жиілері – жүректің ишемиялық сырқаты, ми тамырларының зақымдануы, олардан жыл сайын 30 мыңға жуық адам көз жұмады. Қанайналым жүйесінің сырқаттарына алғаш шалдығулардың өсуі шамамен 15%-ды құрайды (2010 жылы – 100 мың тұрғынға шаққанда 2086,7, 2014 жылы – 2394,7).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - ҰЭМ) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруды жалғастыруда. Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту, әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша шаралар қабылданды.  Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру төрт түрден бір түрге дейін оңтайландырылды. Қазақстанда тұңғыш рет тексерістерге баламалы тетіктер (аудит, ХАССП, сынамалар алу және камералық бақылау арқылы өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу) енгізілді. Орталық Азиялық тағам қауіпсіздігі жөніндегі оқыту орталығы (бұдан әрі – Орталық) құрылды және жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – БҒМ) ҰЭМ-мен бірлесіп мектеп оқушыларын тамақтандыруды  қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын ұстану дағдыларын бойға сіңіру жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын жалғастыруда; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) - ЖКО мен жарақаттанудан болатын өлім-жітімді азайту, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезбен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын төмендету, медициналық-құтқару көмегін қамтамасыз ету және санитариялық авиацияны дамыту бойынша іс-шараларды іске асыруда. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДСӘДМ), ҰЭМ және жергілікті атқарушы органдар саламатты өмір салтын насихаттау және аса қауіпті инфекцияларды профилактикалау бойынша іс-шаралар өткізуде.

Ағымдағы жағдайды сараптай отырып ҚР Кнституциясының 29 бабын жүзеге асыру, Мемлекет басшысының институциялық реформаларының 80-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында 2017 жылдан бастап елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика