Инвестициялар

KAZNEX INVEST Шығыс Еуропа елдерімен сауданы кең ауқымда дамытудың қажеттілігін атады

«Инвестиция және экспорт бойынша Ұлттық агенттік» АҚ-ы Шығыс Еуропа елдерімен сауданы кең ауқымда дамытудың қажеттілігін атады.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 18:47

«Қазақстан мен Болгарияның тауар айналымы айтарлықтай емес. Бірақ, үлкен әлеует бар. 2015-ші жылы елдер арасындағы тауар айналым 100 млн. долларды құрады. Бірақ, біз әлі де толықтыратын, дамытатын салалар бар. Бұлар ауыл шаруашылығы, туризм және денсаулық сақтау салалары. Біз Болгариямен өсімді күтеміз. Қазір екі жақты қарым-қатынасты дамытып, мүдделерді айқындау керек. Шығыс Еуропамен ынтымақтастық әлеует үлкен. Болгариямен ынтымақтастығымызды мықты дамыта алмай келе жатырмыз»,-деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Айдаров қазақстан-болгар бизнес форумы барысында.

Атап өту керек, 10 жылда Болгариядан Қазақстанға құйылған инвестиция 26,7 млн. долларды құрады. Осы кезеңде Қазақстаннан Болгарияға құйылған тікелей инвестиция 12 млн. АҚШ долларын құраған.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика