Өңірлер

Жамбыл облысында вакцина шығаратын отандық биокомбинат іске қосылады

Жамбыл облысында вакцина шығаратын отандық биокомбинаттың құрылысы басталды.Бұл кейбір шетелдік вакциналардан бас тартып, өзімізде жасалған мал екпелерін пайдалануға мүмкіндік береді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жамбыл22 Маусым , 09:17

Жалпы Жамбыл облысында жыл сайын вакцина сатып алуға қомақты қаражат жұмсалады. Олардың бірқатары өзге елден сатып алынады. Құны 2 миллиард теңге болатын жаңа жоба импортқа деген тәуелділіктен арылып, отандық өндірісті дамыту үшін қолға алынды.

Биокомбинатта мал ауруларына қарсы 11 түрлі өнім шығаруға болады. Компания өкілдері тек өз елімізді ғана емес, Орталық Азия елдерін де сапалы вакцинамен қамтуға жол ашылады деген сенімде.

Комбинаттың қуаттылығы жылына – 25 миллион дозалық вакцина. Жалпы жоспарлы қуаттылығы – 65 миллион. 2017-ші жылы аталған өндірісті іске қосу жоспарлануда.

 




Яндекс.Метрика