Халықаралық интеграция

Хиросима Қазақстанның халықаралық ядролық қаруға қарсы бастамаларын жоғары бағалайды

Хиросимода Япониядағы Қазақстанның елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев перефектураның губернаторы Хиросима Хидехико Юзаки және осы қаланың мэры Казуми Мацуимен кездесті, деп ҚР СІМ хабарлайды.
Әлемде21 Маусым , 19:37

Тараптар Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығы мен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күнге  арналған шараға япон делегациясының қатысу мәселесін талқылады.

Губернатор Х.Юзаки қазақстандық жақты  ірі халықаралық шараларда белсенді қатысып жатқанына алғысын білдірді.

«Бибітшілік үшін мэрлер» атты халықаралық қозғалысты басқаратын Мэр К.Мацуи Қазақстанның жетекші рөлін жоғары бағалады.

К.Мацуи айтып өткендей, Хиросимада ядролық қарусыз әлем құру бойынша Қазақстанның жаһандық бастамасына үлкен құрметпен қарайды. 




Яндекс.Метрика