Халықаралық интеграция

ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясы Қазақстанның ІМО-ның міндетті аудитінен өтуіне дайындық үшін ұсыныстар берді

ТРАСЕКА үкіметаралық комиссиясы ҚР ИДМ Көлік комитетіне Халықаралық теңіз ұйымына (IMO) мүше-мемлекеттерді тексеру кестесі бойынша Қазақстанда өткізілген алдын-ала аудиттің қорытындысы бойынша ресми есеп ұсынылды, деп хабарлады ИДМ.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 19:21

Биыл 11 мен 15 сәуір аралығындағы аудит барысында халықаралық сарапшылар Қазақстанмен мемлекеттік портты және туды, теңіз ортасын қорғау және мұнайдың төгілуіне әрекет ету, іздестіру және құтқару, теңіз жолдарын навигациалы-гидрографиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыру бойынша бағалау жүргізілді.

Тексерудің қорытындысы бойынша аудиторлармен Қазақстанның 2017 жылдың қаңтарындағы IMO-ның міндетті аудитінен өтуіне дайындық үшін қажетті іс-шаралар бойынша ұсынымдар ұсынылды.   

Ұсынымдарды орындау мақсатында IMO аудитіне дайындық бойынша ведомствоаралық іс-шаралар жоспары және теңіз көлігі саласындағы заңнамаға тиісті толықтырулар әзірленді.

 




Яндекс.Метрика