Өңірлер

Ақтөбе облысында 33 ауылдық кооператив құрылды – ҚР ҰКП

Аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқановтың айтуынша, 33 кооперативтің етті мал шаруашылығында 27, жылқы жаруашылығында – 1, ет пен сүт өңдеуде – 3, өсімдік шаруашылығында – 2 ӘКК-ы жұмыс істейді.
Ақтөбе22 Маусым , 08:42

«ӘКК-ң құрамына 40 шаруа қожалығы, 3 жеке кәсіпкер, 860 жеке қосалқы шаруашылықтар кіреді. Кооперативтерге 4272 бас мүйізді ірі қара, ұсақ мал мен жылқы және 34 ауыл шаруашылық техникасы бірікьірілетін болады»,-деп атап өтті ол.

Аймақта бірінші құрылған «Рахат+» ӘКК-ы «Ақтөбе Ауыл Микрокредит» ШНҰ-нан қарыз алып үлгерді. Бұл қаржымен жерге қоныстандыру жұмыстарының қызметіне төлейді және 5 мың гектар болатын алаңды қоршайды. Маусым айының басында 20 бас асыл тұқымды бұқа әкелген болатын. Бұдан бөлек, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен «Рахат+» Беларусь МТЗ-82.1 тракторын, екі брусты шөп шабатан, шөпті рулондайтын, шөпті тиейтін және тіркемесімен қоса жалпы сомасы 12,5 млн. теңгені құрайтын техника алу үшін тапсырысты пысықтап жытыр.

«Тасөткел» ӘКК ШНҰ-мен 5 млн теңгенің қарызын рәсімдеп, 25 бас асыл тұқымды бұқаны лизингке алуды жоспарлап отыр. «Ансар» мен «Айке» 2000 гектар жайылымдық жерлерді иеленді.

Бұлардан бөлек, АКП 1000 тонна жеміс сақтайтын, 1000 тонна көкөніс сақтайтын қойма құрылысының жобасын және Ақтөбе қаласынан аспаздық цехын салуға көмектеседі»,-деді Н.Мұқанов.

Сонымен қатар, заңгерлік көмектен басқа АКП Еуропалық қайта құру және даму банкі өкілдерімен бірқатар ірі жобаларды қолдау жөнінде келіссөздер жүргізетін болады. 




Яндекс.Метрика