Парламент

Мәжілісте мемлекеттік шекарадан өтуге уақытша шектеулері бар ҚР азаматтары туралы мәселе талқыланды

Мәжілісте Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінде отырыс болды.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 15:54

Комитет бастамасымен мемлекеттік шекарадан өтуге уақытша шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматтары туралы мәселе талқыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты парламентшілер ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, Шекаралық қызмет директоры Дархан Ділмановтың, Әділет вице-министрі Жанат Ешмағамбетовтың және ІІМ көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саиновтың баяндамасын тыңдады.

Депутаттар тарапынан осы комиеттің мүшесі, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева да баяндама жасады.

Отырыста айтылғандай, шекарадан жібермей ұстап қалудың негізгі себебі жол жүру ережесін бұзғаны үшін төленбеген айыппұлдарға қатысты болып отыр. Депутаттар көптеген мәселелер тиісті мемлекеттік органдардың келіспей әрекет етулерінен туындағанын атап өтті.

Осы және өзгеде депутаттардың сұрақтарына жауап берген баяндамашылар борышкерлердің қарыздарын жылдам төлеп тастауларына барлық мүмкіндіктер қарастырылған айтты. Кассалық қызмет, төлем карталары арқылы және мемлекеттік шекаралардағы екінші деңгейлі банк терминалдары арқылы да төлеп тастауларына болатынын айтты олар. Сонымен қатар, қосымша және басқа да жолдары қарастырылуда деді олар.

Талқылау қортындысы бойынша Комитет мүдделі мемлекеттік органдарға бірлесіп және аталмыш мәселені кешенді түрде ретке келтіру жөнінде ұсыныс енгізуге кеңес берді. Егер қажет болса, депутаттар Үкіметке тиісті деңгейде үндеу жасай алатынын айтты.





Яндекс.Метрика