Халықаралық интеграция

ҚР мен АҚШ ҰҒЗТО мен ғарыш бақылауын жүргізудің ынтымақтастығын талқылады

«ҰҒЗТО» АҚ-тың басшылығы мен ғылыми қызметкерлерінің АҚШ геологиялық қызметінің Еуропалық, Ресейлік және Орталық-Азия халықаралық бағдарламалар кеңсесінің басшысы Ингрид Верстраетен (Ingrid Verstraeten) ханым мен АҚШ елшілігінің өкілі Роббин Маккатчен (Robyn McCutcheon) ханыммен кездесу болып өтті, деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 15:37

Кездесу өткен жылдың қыркүйек айында басталған ғарыштық мониторинг және Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) саласындағы ынтымақтастық туралы келіссөздердің жалғасы болып табылатындағын атап кеткен жөн.

«ҰҒЗТО» АҚ Қазақстандағы ғарыштық мониторинг және ЖҚЗ саласындағы жетекші ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, төтенше сипаттағы жағдайларды (су тасқыны, өрт, сел, құрғақшылық) мониторингілеу, бақылау және ескерту, аумақтың экологиялық жай-күйін болжау мүддесінде көп жылдардан бері американдық «NOAA» және басқа да спутниктердің түсірілімдерін қолданып келеді.

Өткізілген келіссөздер барысында «ҰҒЗТО» АҚ ЖҚЗ департаментінің қызметкерлері мен ғарыштық мониторинг саласындағы американдық мамандар «NOAA» және «LandSat» спутниктерінің ғарыш түсірілімдерін қолдану, оның ішінде геология саласы мен геодинамикалық процестерді зерттеу, «ҰҒЗТО» АҚ-тың базасында Орталық Азиядағы ЖҚЗ аймақтық орталығын ұйымдастыру мүмкіндіктері, ғарыштық түсірілімдерді өңдеу бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізу, АҚШ пен Қазақстан арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және нығайту бойынша нақты ұсыныстар мен қадамдарды әзірлеу үшін кездесетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.




Яндекс.Метрика