Үкімет

Қ.Бишімбаев: ЖАО-ға жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін инфрақұрылым тартуға барлық өңірлер қатысады

ЖАО-ға жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін инфрақұрылым тартуға барлық өңірлер қатысады, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 13:34

«Экономиканың өсуіне жылдам әсер ету үшін а.ж. екінші жартыжылдығында ішкі сұранысты ынталандыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен (101,7 млрд. теңге) 91,5 млрд. теңге бағытталатын болады», - деді Қ.Бишімбаев.

Министрдің айтуынша, 23,9 млрд. теңге – ЖАО-ға жеке тұрғын үй құрылысын дамыту үшін инфрақұрылым тартуға бөлінді.

«Қаржыландыруды ұлғайту 2017-2018 жылдары қосымша 3,5 млн. ш. метр жеке тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етеді», - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Астана, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстарында ЖАО-ға жер бөлінген болатын. ҰЭМ ақпараты бойынша, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында ЖАО-ға жер бөлу қарастырылған болатын.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика