Болашақтың біртұтас ұлты

Х.Шәріпов: Қазақстанда кез келген этномәдени орталықты дамыту үшін барлық жағдай жасалған (ВИДЕО)

Қазақстан Республикасында кез келген этномәдени орталықты дамыту үшін барлық жағдай жасалған, деп Астана қаласындағы өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Хасан Шәріпов Strategy2050.kz АА берген эксклюзивті сұхбатында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 15:03

«Қазақстанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың дана саясатының арқасында әрбір этномәдени орталық, әрбір ұлт өзінің тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап қалуға барлық жағдай жасалған. Біз өзіміздің салт-дәстүрлеріміз бен әдеттерімізді түрлі мемлекеттік мерекелерде көрсете аламыз, еліміз ол үшін барлық жағдайды жасайды»,-деді ол.

Сонымен қатар, Х. Шәріпов сөз барысында өзбек және қазақ халқы туыс халық болып келетіндігін және олардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінде ұқсастықтың барын, нақты айтқанда шамамен 30-50 пайыз қазақстандық салт-дәстүрлердің өзбектің салт-дәстүрлерімен келетіндігін айтып өтті.

«Біздің ата-бабаларымыз әрдайым қазақ халқының қонақжайлылығына алғысын  білдіріп отырған. Бүгінгі күні Қазақстанның аумағында 530 мыңнан астам өзбек тұруда»,-деді ол.

Индира Қауметова

Видео Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика