ҚР ИИДМБ

ҚР ИДМ: 6 жылда Индустриаландыру картасы бойынша 900-ге жуық жоба пайдалануға берілді

2015-ші жылғы 128 жобаны қосқанда, 6 жылда Индустриаландыру картасы бойынша 898 жоба пайдалануға берілді. Олардың 80%-ы жаңадан құрылған өндіріс жобалары болса, қалған 20%-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту мен кеңейту құрайды, деді ҚР Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев Үкімет отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 13:01

2015-ші жылы индустриаландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асыру басталды.

«2015-ші жылғы 128 жобаны қосқанда, 6 жылда Индустриаландыру картасы бойынша 898 жоба пайдалануға берілді. Олардың 80%-ы жаңадан құрылған өндіріс жобалары болса, қалған 20%-ы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту мен кеңейту құрайды. 2015-ші жылғы ІЖӨ өсімінің үштен бірі карта жобаларының есебінен алынды»,-деп ақпараттандырды министр.  

Оның айтуынша, Карта жобаларын енгізудің нәтижесінде бұрын Қазақстанда өндірілмеген өнімнің 500 түрі шығарылған. Оларлың қатарында жолаушылар және жүк вагондары, электрвоздар, жүк және жеңіл автокөліктер мен автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратурасы, диодтты шамдар, титан құймалары, дәрілік заттар, сүт өнімдері және басқа да көптеген өнімдер бар.

«Барлық 900 жобаның 70%-ы тұрақты жұмыс істеп тұр. 74 жоба төмен жүктемеде жұмыс істеуде. 21 жоба тоқтап тұр – бұл бар-жоғы жалпы санның 2%-н құрайды. Жалпы көлемнің 1%-ға жуығы жеке инвестиция есебінен. 2016-шы жылы 120 жобаны енгізу жоспарланған. Жалпы индустриаландыру бағдарламасы экономикада тұрақтандыру рөлін атқарды»,-деп атап өтті Ә.Исекешев.

2010-2014-ші жылдары Индустриаландыру картасының жобалары барлық өңдеу өнеркәсібінің 10%-н ғана берген. 2016-шы жылдың 1-ші тоқсанының қортындысы бойынша, бұл жоба өндірісі өнімнің 20%-н беріп үлгерді.

Ботагоз Айтжанова





Яндекс.Метрика