Ұлттың денсаулығы

Д.Жоламан Ақмола облысының Жақсы ауылында ұлықталды

Жақсы ауылында 23 жасар Әлем чемпионы Дина Жоламан ұлықталды, деп хабарлады Ақмола облысы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола21 Маусым , 20:09

Д.Жоламан үшін бүгін барша ақмолалықтар қуанып жатыр. Оның жетістіктері мемлекеттік деңгейде өте маңызды әрі ауқымды. Осыған орай Ақмола облысының Жақсы ауылында оны ұлықтау шарасы өтті.

Барлығы Жақсы көшелерінде жүрген автошеруден басталды. Шараны жерлестер мен тілектестері, Т.Уәлиев атындағы спорт мектебінің тәрбиеленушілері  ұйымдастырды.

Спорттағы жетістіктері үшін Дина мен оның бапкеріне «Жақсы ауылының құрметті тұрғыны» атағы берілді.

 




Яндекс.Метрика