ҚР ИИДМБ

ИИДМБ аясында 2016 жылы 26 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Индустриялық-иновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы аясында 2016 жылы 26 644 жұмыс орны құрылады, деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 12:51

«Халықты жұмыспен қамту туралы айтатын болсақ. Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» белсенділеьілген кезде мемлекеттік салалық бағдарламаларға өзгерістер енгізілді. Егер құрылыс жүргізіліп жатса, құрылған жұмыстың 15 пайызы жұмыспен қамту орталығынан болуы керек, егер күрделі жөндеу болса 15 пайыз болуы керек», - деді Т.Дүйсенова.

Министрдің айтуынша, өткен жылы ИИДМБ бойынша 5145 адам жұмысқа орналасты. Инвестициялар мен даму министрлігімен бірігіп жергілікті атқарушы органдар 26 644 жұмыс орнын ұсынатын 165 жобаны анықтады.

«Қазір олар 19 пайызын жұмыспен қамту орталықтарынан тартады. Бүгінде жобалардың басым бөлігі Қызылорда облысында  жүзеге асырылуда-30, ОҚО-да – 26, Павлодар облысында – 17 жоба жүзеге асырылуда.  Жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған топтан 551 адам тартылды», - деді ол.

Ведомство басшысы министрлік жыл сайын ИИДМ аясында қажетті мамандықтарды белсенді етіп отырады.

Анар  Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика