Үкімет

Қ.Бозымбаев: «Қашаған» көмегімен ҚР-да мұнай өндіру көлемі 70,5 млн тоннаға өседі

«Қашаған» жұмысын іске қосатын болсақ, Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 70,5 млн тоннаға көбейер еді, деді Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметінің отырысында.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 12:46

«Жөндеу жұмыстарының ағымдағы жағдайында 83 пайыз фактілік орындау 87 пайызды құрайды. Экологиялық айыппұлға байланысты проблема болды», - деді Қ.Бозымбаев.

Оның айтуынша, «Қашаған» жұмысын мерзімінен бұрын іске қосатын болсақ, қазан айында Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 70,5 млн тоннаға жетеді.

«2016 жылы мұнай өңдеуді 14,1 млн тоннаға арттыру екі зауыттағы жұмыстар аясында жүзеге асырылады. Павлодар МӨЗ жөндеу жұмыстары 5 күнге қысқартылды, 35-30 күн оңтайландыру болады. Шымкент МӨЗ-де 18 күнге жөндеу қысқартылды, 51-33 күнге дейін», - деді Қ.Бозымбаев.

Ведомство басшысы атап өткендей, мұнай саласында жаңартылған «Қашаған» кен орны осы жылдың қазан айында іске қосылады, жөндеу  қалпына келтіру жұмыстары жеделдетіліп жүргізілуде.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика