Адами капитал

«Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуының аясында әскери қызметшілері 200-ге жуық тозған ғимаратты бұзды (ФОТО)

«Жәрдем-2016» арнайы оқу-жаттығуының аясында ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері ескірген, төтенше жағдайда тұрған құрылыстарды жою және бұзу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 21 Маусым, 14:32

 Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Сарышаған полигоны аумағында өтіп жатқан арнайы оқу-жаттығу кезінде 130-дан аса ғимаратты бұзу жоспарланған болатын.

 Оның ішінде жоспарсыз салынған кіші құрылыстар, тозығы жеткен ғимараттар да бар. Нәтижесінде пайдалануға келмейтін, қираған, жөндеуге және әрі қарай қолдануға жарамайтын 200-ге жуық ғимарат пен құрылыс бұзылды.

 Бұл оқу-жаттығудың бағыты ерекше. Бірінші рет әскери қызметшілер төтенше апатты жағдайда тұрған ғимараттарды бұзды. Сарышаған полигоны аумағында ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрған ғимараттар мен құрылыстардың болуы осындай оқу-жаттығуды жүргізудің өзекті екенін көрсетті.

Практикалық сабақтар бөлімшелер жеке құрамының, атап айтқанда, әскери инженерлердің ептілік дағдылары мен машықтарын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні «Жәрдем-2016» оқу-жаттығуына 70-тен аса маман тартылды. Іс-шараны атқаруға 50 бірлікке жуық техника жұмылдырылды. Атап айтқанда: экскаваторлар, сүргіштер, жүк таситындар, автокөтергіштер, жүк түсіргіштер, көтерме жол және компрессор.
 





Яндекс.Метрика