Халықаралық интеграция

Астанада ТМД қатысушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы талқыланды (ФОТО)

Астанада ТМД қатысушы мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI отырысы өтті. Шара барысында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина денсаулық сақтау министрлігі мен ұйымдарының өкілдері қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі мен медицина ғылымы салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Нұр-Сұлтан 21 Маусым, 12:18

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі тамара Дүйсенова өз сөзінде АИТВ/ЖИТС-тің таралуы бойынша ескертуге бағытталған ортақ шараларды жүзеге асыру барысында Қазақстанға көрсеткен көмек шаралары үшін ЮНЭЙДС өкілдеріне, сонымен бірге, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде консультациялық көмегі үшін ДДСҰ Еуропалық бюросына алғыс білдірді.

Өз кезегінде Мишель Сидибе БҰҰ Бас Ассамблеясының 2016 жылғы 8-10 маусымда Нью-Йоркте өткен ЖИТС-пен күрес мәселелері бойынша жоғарғы дәрежелі кеңесінде БҰҰ мүше елдері Тұрақты даму мақсаттарының аясында 2030 жылға қарай ЖИТС эпидемиясын тоқтату шаралары жөніндегі жоспарды іске асыру бойынша міндеттемелерді алғанын мәлімдеді.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цойдың айтуы бойынша, аталмыш отырыс ТМД қатысушы мемлекеттерінің түрлі мәселелер бойынша қарым-қатынасын бекітті, ол жерде клиникалық сынақтардан бастап, ЖИТС саласындағы ынтымақтастық, түберкілезге қарсы тұру мәселелері, жалпы алғанда күн тәртібінде 18 мәселе талқыланатындығын айтып өтті.

Сонымен қатар, Атқарушы комитет төрағасының орынбасары-ТМД хатшылығын атқарушы Қонысбек Жүсіпбеков сөз кезегінде отырысқа беделді халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуы ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығына мүдделі екендіктерін көрсетеді.

«Желтоқсан айында ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толады. Кеңестің қызметі 24 жыл ішінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің бірлескен күш-жірегріне елеулі әсер етті»,-деді ол.

Отырыс барысында ТМД қатысушы елдері темекі өнімдерінің халық денсаулығына тигізетін кері әсері туралы ескерту шаралары, денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі ретінде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, жұқпалы емес ауруларды бақылау мен олардың алдын алу, өзара тәжірибе және ақпарат алмасу, сонымен бірге, ДДСҰ комитеттері мен басқарушы органдарының отырыстарында бірлесіп сөз сөйлеуді ұйымдастыру мен үйлестіру мәселелері талқылады.

Шара соңында Тамара Дүйсенова ЮНЭЙДС Атқарушы директоры Мишель Сидибе мырзаға Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына арналған төсбелгісін тағып, Арнайы өкіл Гайк Никогосян арқылы дәл осындай төсбелгіні ДДСҰ Еуропа бюросының аймақтық директоры Жужанна Жакабқа табыстауды өтінді.

ТМД қатысушы-елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы бойынша XXVI келесі отырысы 2017 жылғы сәуір-мамыр айларында Қырғызстанда өтпек.

Индира Қауметова

Сурет: Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика