Үкімет

Қ.Бишімбаев: Экономиканың ішкі сұраныстарын ынталандыруға 91,5 млрд теңге бағытталатын болады

Экономиканың ішкі сұраныстарын ынталандыруға 91,5 млрд теңге бағытталатын болады, деді Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 11:46

«Екінші бағыт бойынша «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (839,9 млрд. теңге) және 2016 жылғы дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жоспары шеңберінде (600 млрд. теңге БЖЗҚ қаражатын қоса алғанда) жоспарланған қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру қарастырылған», - деді Қ.Бишімбаев.

««Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй құрылысына көзделген 113,0 млрд. теңге шеңберінде 25,0 млрд. теңге;ЖАО арқылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша кредиттік тұрғын үй құрылысына көзделген 67,0 млрд. теңге шеңберінде 25,3 млрд. теңге; «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арқылы коммерциялық тұрғын үй құрылысына көзделген 97,0 млрд. теңге шеңберінде 20,0 млрд. теңге», - деді министр.

Қ.Бишімбаевтың айтуынша, экономиканың өсуіне жылдам әсер ету үшін а.ж. екінші жартыжылдығында ішкі сұранысты ынталандыруға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен (101,7 млрд. теңге) 91,5 млрд. теңге бағытталатын болады.

Министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 360 млрд. теңге сомаға тұрғын үйлер салу жұмысы басталды. Келісімшарт жасалған көлемдер бойынша 2 жыл ішінде қаражатты кезең – кезеңімен игеру көзделген.

Қаражатты игеру кестесі бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актілеріне қол қойылуына қарай 70,3 млрд. теңге 2017 жылдың шілдесіне дейін мердігерлерге аударылатын болады.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика