Үкімет

ҚР Ұлттық банкі БЖЗҚ-ң қаржысын өңдеу өнеркәсібіне қайта бөлуді ұсынады

2016-шы жылы дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын жүзеге асыруды айқындау БЖЗҚ-ң зейнетақы активтерін квазимемлекеттік компанияларға керек емес. Әңгіме 85 млрд. теңге жөнінде болып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк бұл қаржыны өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру мақсатына қайта бөлуді ұсынады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 11:32

«Ұлттық банк экономикалық өсімді ынталандыру мен 2016-2017-ші жылдары жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар жоспарын қолдайды. Ұлттық банк БЖЗҚ қаржысын бөлуге байланысты екі бап бойынша орындаушы болып табылады. 2016-шы жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерін 400 млрд. теңге көлемінде инвестициялау жоспарлануда. Бұл квазимемлекеттік сектор субъектілерінің нарықтық жағдайдағы қарыздық бағалы қағаздары екенін ескерту жағдайында жасалады. 17-ші маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері квазимемлекеттік ұйымдар облигациясына 145 млрд. теңге сомасында инвестицияланды»,-деді Д.Ақышев.

Сонымен қатар ол, дағдарысқа қарсы іс-шаралар элементі ретінде маңызды болып табылатын қаржы ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалау керектігін атап өтті.

«2016-шы жылы дағдарысқа қарсы шаралар жоспарын жүзеге асыруды айқындау БЖЗҚ-ң зейнетақы активтерін квазимемлекеттік компанияларға керек емес. Әңгіме 85 млрд. теңге жөнінде болып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк бұл қаржыны өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру мақсатына қайта бөлуді ұсынады. ҚР Ұлттық банкі Ұлттық қор қаржысы мен БЖЗҚ активтерін бірлесе пайдалануға қарсы емес. Аталмыш тетік аясында қарызды төмендету үшін ставканы миширлеу керек болады. Бұл бір жағынан салымшының мүддесін қорғауға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, БЖЗҚ қаржысын банктер арасында бөлу тетігі барынша ашық болды. Қаржыны бөлу тетігінде банктің бөлінген ресурсты игеру мен сақтау және зейнетақы активтерін қайтару әлеуеттері толықтай ескерілді»,-деді Ұлттық банк төрағасы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика