Үкімет

Премьер-министр Олимпиада алдында қазақстандық спортшылардың допинг-сынамалардан өтуі үшін зертхана жасауды тапсырды

Жеке қаражаттарды ескере отырып, оның жолдарын қарастыру қажет, нақты айтқанда Олимпиада алдында қазақстандық спортшылардың допинг-сынамалардан өтуі үшін жақсы зертхананы сатып алу керек, деп ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысы барысында айтып өтті.
Нұр-Сұлтан21 Маусым , 10:42

«Қазір біздің спортшылармен допингтің қолдануы бойынша мәселелер қызу талқыға түсуде. Біздің команда Олимпиадалық ойындарға және тағы да басқа ірі іс-шараларға дайындалу үстінде. Сіздерге және Ұлттық олимпиада комитетіне айтайын дегенім, біздің спортшылардың осындай сынақтан лайықты өтуіне барлық жағдайды жасау керек»,-деп Премьер-министр ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына сөз айтты.

К.Мәсімов сөз барысында жеке қаражаттарды ескере отырып, жақсы зертханаларды сатып алу үшін жолдарды қарастыру керектігін айтып өтті.

«Спортшылар жарыстарға қатыспас бұрын олар бұл сынақтан өтуі керек. Әлем көптеген салаларда өзгеріс табады, және спорттан да»,-деді Премьер-министр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика